БҚО-да жел мектептің шатырын жұлып әкетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында күшті жел үйлер мен мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 16.10-да Бәйтерек ауданында болды.
Атап айтқанда, Көшім ауылдық округіне қарасты Өркен елді мекенінде Абылай хан көшесі 17-мекенжайында қоспәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің 50 шаршы метрді қамтыған шатыры құлады. Үйдің жалпы алаңы - 172 шаршы метр. Мұнда желдің жылдамдығы секундына 12 метрге жеткен.
Сондай-ақ Мичурин ауылы Қазақстан көшесі 1-мекенжайында орын тепкен үш қабатты орта мектептің шатыры (аумағы - 240 шаршы метр) жұлынды. Ғимараттың жалпы алаңы - 6 мың шаршы метр.
Осы ауылдағы Светлая көшесі 16-мекенжайында қос қабатты тұрғын үйдің шатыры да (150 шаршы метр) сыпырылып түсті. Үйдің жалпы алаңы - 150 шаршы метр.
Орал қаласына тиіп тұрған бұл ауылда желдің екпіні секундына 17 метрге жеткен. Оқиғалардан зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шалқар көлінде желдің әсерімен үрлемелі қайықпен ығып кеткен төрт адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.
- Ақтөбеде жол жабылды
- Арал, Қазалы, Қармақшыда – көктайғақ: көлік қозғалысы тоқтатылды
- Қостанайлық «103» қызметкерлері екі баланы отқа оранған үйден алып шықты
- СҚО-да екі автокөлік отқа оранды
-
Сәби ұшақ бортында дүниеге келді
-
Жаңаөзенде 37 жастағы ер адамды атып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам