БҚО-да жел күшейіп, найзағай ойнайды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 25-26 маусым күндері өңірдің кей жерлерінде қатты дауыл соғып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.

Облыс орталығы Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақшы. Желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын күннің 43 градусқа дейін ыситынын жазған болатынбыз.

Кеше Оралда температура тілі 37 градусты көрсетті.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 20 маусымнан бері өңірде V дәрежелі төтенше жоғары өрт қауіпі сақталып отыр.

Соңғы жаңалықтар