БҚО-да жел күшейіп, бұрқасын көтерілетіні жөнінде ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, бұрқасын көтерілетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 18 ақпан күні желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ бұрқасын соғып, қалың тұман түсіп, қатты көктайғақ болады.

Осыған байланысты тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар қолға алынуда.

Соңғы жаңалықтар