БҚО-да «жедел жәрдем» қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған екі науқасты құтқарды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері сәтті реанимация жүргізудің нәтижесінде 58 және 62 жастағы екі пациенттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шақырту кезінде екі пациенттің де кенеттен тынысы тарылып, жүрек қызметі тоқтап қалады. Көшпелі бригадалардың фельдшерлері жүрек ырғағының бұзылуы, клиникалық өлім диагнозын қойды.

Дефибрилляторды қолдана отырып, бірден реанимациялық шаралар басталды. Сауатты көрсетілген шұғыл медициналық көмектің нәтижесінде пациенттердің жағдайы жақсарып, облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілді және одан әрі емдеу үшін орталықтың мамандарына берілді.

Айта кетсек, өмірді сақтап қалу – жедел медициналық жәрдемнің негізгі функциясы және негізгі мақсаты. Оны іске асыру үшін «жедел жәрдем» қызметі кадрлардың біліктілігін арттыру, материалдық жарақтандыру және жылдам жетуге барлық күш-жігерін жұмсайды.

Медицина қызметкерлері әрбір 2 жыл сайын халықаралық стандарттарға сәйкес реанимациялық іс-шаралар, жарақат алу кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйренеді, әртүрлі муляждармен және әдістемелік ұсыныстармен жабдықталған симуляциялық кабинет жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар