БҚО-да жас босанған әйел көз жұмды

None
None
  ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында жас босанған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оқиға сәуір айында Жаңақала аудандық орталық ауруханада орын алғанымен, енді белгілі болып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 1975 жылы туған әйелдің сәби жолдасы мезгілінен ерте ажырап, соның салдарынан ол қансыраған. Магнезиялы терапия жүргізілгеннен кейін шұғыл түрде кесарь тілігі жасалған.

Аудандық жедел жәрдемге шақырту 24 сәуір күні сағат 13.33-те түскен. Аудандық ауруханаға жеткізілген әйел сол күні сағат 15.50-де көз жұмды. Шарананы да аман алып қалу мүмкін болмады.

Бұл - өңірдегі биылғы бірінші қайғылы жағдай. Өткен жылы осындай бір оқиға тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар