БҚО-да жартылай марафонның жеңімпаздары анықталды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында алғаш рет «SYRYM HALF MARATHON» жарысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай марафонға Батыс Қазақстан облысы ғана емес, сондай-ақ Атырау, Алматы, Астана қалаларынан және Ресейден келген желаяқтар қатысып, бақ сынады.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиевтің атап өткеніндей, бұл ешкімді де бей-жай қалдырмаған ауданның спорттық өміріндегі елеулі оқиға болды.

Барлығы 287 желаяқ 3, 10 және 21 шақырым қашықтықтар бойынша жарыс жолына шықты.

Ерлер арасында 21 шақырым қашықтықта (жартылай марафон) Ресейдің Волгоград облысынан келген Егор Ручников (1:13:09) мәре сызығын бірінші болып қиды. Алматылық «Run time Almaty» тобының мүшесі Ернұр Бексұлтан одан 2 секундқа қалып қойды. Жартылай марафонның қола жүлдесін «SyrymRunners»-тің атынан қатысқан өңірге танымал желаяқ Баубек Ілиясов еншіледі. Көрсеткіш – 1:18:26.

Ал, әйелдер арасында казталовтық Ләззат Төлепберген мен бөрлілік Жанерке Тудахунова (1:36:18) бірдей уақыт көрсетіп, бірінші орынды өзара бөлісті. Үздік үштікті атыраулық Айгүл Уәлиева (1:53:13) түйіндеді.

Басқа қашықтықтар бойынша көрсеткіштер төмендегідей болды.

3 шақырым (ерлер):

1. Еркебұлан Аткашев (SyrymRanners),

2. Илья Козловский (Ushqun run club),

3. Руслан Әбішов (БҚО).

3 шақырым (әйелдер):

1. Нұрай Алтай (Сырым ауданы, Жосалы),

2. Анастасия Соколова (borli_ski),

3. Айару Аманғали (oteam Terekta).

10 шақырым (ерлер):

1. Жарас Айтуар (Aqjayq run club),

2. Ерсайын Қаныбек (Астана),

3. Рифхат Асылмұратов (БҚО).

10 шақырым (әйелдер):

1. Диана Әсетова (Ushqun run club),

2. Айман Сәрсенғалиева (Ushqun run club),

3. Виктория Глютова (Aqjayq run club).

Қатысушыларға медаль, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге оған қоса сыйақы берілді. Марапаттау шарасына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты. Дода бұдан былай Сырым ауданында дәстүрлі түрде өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 98 жастағы Вениамин Скаленконың аға буынның ерлігі мен еңбегін ұмытпау керектігі туралы айтқанын жазған едік.

Сондай-ақ, БҚО-да майданнан оралмаған сарбаздың дерегі 80 жылдан кейін табылды.

БҚО-да Садық Жақсығұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнир мәресіне жетті.

Сурет: Айман Өтеғалиева


Соңғы жаңалықтар