БҚО-да жарты млн теңге мүлікті жымқырған қызметкер соттан құтылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жарты млн теңге тұратын мүлікті жымқырған қызметкер қылмыстық жауапкершіліктен құтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық соты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталған А-ға қатысты іске нүкте қойды.

Сотта анықталғанындай, айыпталушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ағаш ұстасы қызметін атқарған. Сонымен бірге қойма меңгерушісінің көмекшісі міндетін қосымша атқарып, 558 416 теңгенің тауар-материалдық құндылықтарын ұрлаған.

Істі қарау барысында қос тарап медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге келіп, соған сәйкес айыпталушы мүліктік залалды өтеді.
ҚР ҚК 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар