БҚО-да жаңадан төрт депутат сайланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жергілікті мәслихаттардағы шығып қалғандардың орнына жаңадан депутаттар сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясынан түскен мәліметке қарағанда, №10 Борсы сайлау округі бойынша Жәнібек, №11 Макаров сайлау округі бойынша Зеленов, №13 Қарасу сайлау округі бойынша Қазталов және №6 Қызылкөл сайлау округі бойынша Шыңғырлау аудандық мәслихатына сайлау өтті.

Сайлау комиссияларының жұмысы бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп, төрт орынға 12 үміткер түсті. Олардың сегізі өзін-өзі ұсынса, қалған төртеуі саяси партияның («Нұр Отан») атынан додаға қосылды.

Сайлаушылардың 90,30 пайызы дауыс берді. Оның барысын саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және сенім білдірілген адамдар есебінен 41 байқаушы, 7 БАҚ өкілі бақылап отырды.

Алдын ала мәлімет бойынша жергілікті мәслихаттарға 4 депутат сайланды. Олардың біреуі - әйел, үшеуі - ерлер, орташа жасы - 47.
Сайлау комиссияларына арыз-шағым түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар