БҚО-да жаңадан депутаттар сайланбақ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  25 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына жаңа мүшелер сайланбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.  

БҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, №10 Борсы сайлау округі бойынша Жәнібек, №11 Макаров сайлау округі бойынша Зеленов, №13 Қарасу сайлау округі бойынша Қазталов, №6 Қызылкөл сайлау округі бойынша Шыңғырлау аудандық мәслихатына сайлау өтеді.
null

Аталған округтер бойынша 12 кандидат (бір орынға - үш үміткерден) додаға түспекші. Олардың 8-і өзін-өзі ұсынса, төртеуін «Нұр Отан» партиясы бәйгеге қосып отыр. Үміткерлердің 10-ы - ер, екеуі - әйел адамдар. Барлығы да - қазақтар.

Қазіргі кезде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, сайлаушылар тізімі нақтылануда. Сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар