БҚО-да жаңа қаулы: сауда үйлеріне тұрғындар тек «жасыл» мәртебемен ғана кіре алады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған қаулы 27 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес сауда және ойын-сауық үйлері, сауда орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтарына тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, қызметкерлер мен келушілер тек «жасыл» мәртебемен кіре алады. Сондай-ақ вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестісі бар, соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарға шектеу қойылмайды.

Облыста тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуі де шектеледі. Немесе олар 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР тестіден өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да пандемия басталғаннан бері індет жұқтырғандар саны 40 мыңнан асқанын, ЖРВИ-мен сырқаттанушылар саны 2,6 есеге өскенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар