БҚО-да жағдайы ауыр босанған әйел тікұшақпен Оралға жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жағдайы ауыр босанған әйелді тікұшақпен Орал қаласына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 қазанда ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ өндірістік-диспетчерлік қызметіне Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 1984 жылғы әйелді шұғыл тасымалдау қажеттігі туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан жедел өтінім келіп түсті. Дәрігерлер босанғаннан кейінгі асқынуды болдырмау үшін әйелді тікұшақпен тасымалдау жөнінде шешім қабылдаған», делінген хабарламада.

Орал қаласындағы «Қазавиақұтқарудың» әуе кемесі орналасқан жерден дереу Eurocopter EC-145 тікұшағы ұшып шықты. Бортта әуе кемесінің командирі Асхат Құдабаев және екінші ұшқыш Николай Сороколетов секілді тәжірибелі ұшқыштар болған.

«Ұшқыштар әуе кемесін қондыру үшін қауіпсіз орынды анықтады, Орал қаласынан Ақсай қаласына дейін қысқа мерзімде ұшып жетті. Онда Шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының акушер-гинекологі және реаниматологі бар жедел жәрдем бригадасы күтіп тұрды. Әйелді 45 минут ішінде Орал қаласының әуежайына тасымалдап, сол жерден оны ауруханаға медицина қызметкерлері жеткізді. Ұшу белгіленген маршрутқа сәйкес және сәтті өтті», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, биылғы жылдың 9 айында «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелерімен шұғыл медициналық эвакуациялау желісі бойынша 629 ұшу орындалып, ұшу сағаты 1 597 сағат 49 минут болды. Бұл ретте 607 науқас тасымалданып, оқиға орнында 43 консультация және ҰШМҮО қызметкерлерімен 24 операция өткізілді.


Соңғы жаңалықтар