БҚО-да жәбірленуші іздестіріліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жәбірленуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен бүгін түскен мәліметке қарағанда, жәбірленуші есебінде 1980 жылғы Берік Қойбағаров іздестірілуде.

Оның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Сондықтан қалада жүруі мүмкін. Сондай-ақ ауылдық жерді де (қойшы есебінде) мекендеуі ықтимал.

БҚО ішкі істер департаменті Б.Қойбағаровты көргендер немесе қайда жүргенін білетіндер болса, 98-42-66, 98-45-30, 8-778-277-71-78, 8-701-727-17-37 және «102» телефонына хабарласуды өтінеді 

Соңғы жаңалықтар