+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

БҚО-да зейнеткер «полицейге» алданып, 0,5 млн теңгесінен айырылды

2020 жылғы 16 қаңтар 20:59
Бөлісіңіз:
БҚО-да зейнеткер «полицейге» алданып, 0,5 млн теңгесінен айырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында зейнеткер алаяққа алданып, жарты млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада әккі алаяқ 6 дүкеннің сатушысын алдап кетті Алматы облысында өрт сөндірушімін деп алдап, ақша жымқырған екі алаяқ ұсталды

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қаңтар күні Ақжайық ауданында болды.

Осы ауданның 1947 жылғы тұрғынына белгісіз біреу телефон шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Содан кейін немересінің есірткімен ұсталғанын айтып, оны босату үшін 500 мың теңге талап еткен.

Бұған сеніп қалған ауыл тұрғыны алаяқ айтқан абоненттік нөмірге терминал арқылы аталған қаржыны аударып жіберген.

Бір сағаттан кейін алданған тұрғын полицияға жүгінген.

Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 190-бабына сәйкес (алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.

Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оқиғалар 2015-2016 жылдары жиі орын алды. 2017-2018 жылдары алаяқтықтың бұл түрі кездесе қойған жоқ. Ал өткен жылдың желтоқсанында екі бірдей дерек тіркелді. Атап айтқанда, Қаратөбе ауданының бір тұрғыны 520 мың теңгеге, екіншісі 20 мың теңгеге алданған.

Биыл осындай арызбен Шыңғырлау ауданының екі тұрғыны полицияға келді. Мұнда жәбірленушінің бірі алаяқтарға 1,2 млн теңге, екіншісі 300 мың теңге аударып жіберген.

Осылайша облыста жыл басынан бері мұндай қылмыстың үш дерегі тіркеліп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT