БҚО-да заңсыз киік аулаумен айналысқан үш тұрғын ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында заңсыз киік аулаумен айналысқан үш тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 шілде күні Қазталов ауданы аумағында «Соқыршал» қыстағы маңынан мүйіздері кесілген 6 киік ұшасы табылған.

Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясы, «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары және Қазталов, Бөкей ордасы ауданы ішкі істер қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш тұрғын анықталып, қолға түсті.

Қазіргі кезде Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігіне сәйкес (заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын да Қазталов ауданында киік аулаған браконьерлердің ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар