БҚО-да заңсыз киік аулаумен айналысқан тұрғындар ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірге заңсыз киік аулаған тұрғындарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, екі оқиға да Жәнібек ауданында орын алды.
23 маусым күні сағат 10.30 шамасында Ақоба ауылдық округіне қарасты «Мәңгүр» мен «Достық» қыстақтарының арасында Адайбай су қоймасы маңынан 4 киіктің ұшасы табылды.
Жедел іздестіру шаралары барысында осыған күдікті ретінде ауданның 1991 және 1979 жылғы тұрғындары анықталып, қолға түсті.
Оқиға орнынан 12-калибрлік «ИЖ-54» қос ұңғылы аңшы мылтығы, 5 оқ-дәрі, екі велосипед тәркіленді.
Сондай-ақ 25 маусым күні сағат 11.00 шамасында Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты «Астау салған» қыстағы маңында 1973 жылғы тұрғын ұсталды. Оның мотоциклінен киіктің екі ұшасы, 4 мүйізі, пышақ, 12-калибрлік қос ұңғылы аңшы мылтығы және бес оқ-дәрі алынды.
Қазіргі кезде аталған оқиғалар бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігіне (заңсыз аңшылық) және 339-бабына (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар сараптамалар тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын оралдық тұрғынның 2 кг марихуананы пәтерінде сақтағанын жазған болатынбыз.
- Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды
- Батыс Қазақстанда індет жұқтырған 28 адам жансақтау бөлімінде жатыр
- Алматыда бір мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынды
- Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу шаралары жүріп жатыр
-
Алматыда Ауғанстан азаматы 11 жыл заңсыз тұрып келген
-
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі 5 маусымға дейін ұзартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам