+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

БҚО-да үюлі тұрған 150 тонна шөп жанып кетті

2020 жылғы 16 қыркүйек 21:54
Бөлісіңіз:
БҚО-да үюлі тұрған 150 тонна шөп жанып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында үюлі тұрған 150 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 16 қыркүйек күні сағат 04.28-де Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округінде болған.

«Досжан» шаруа қожалығына қарасты Бесшағыл қыстағында жинаулы тұрған 150 тонна пішен жанды.


Өрт сағат 12.28-де оқшауланып, 12.51-де сөндірілді. Оны ауыздықтауға ТЖ департаментінен 11 қызметкер, 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 6 адам, 2 техника қатысты. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінен 2 қызметкер, 1 техника оқиға орнына барды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

ТЖ департаменті шаруа қожалықтары басшыларынан ірі көлемдегі мал азығын тұрғын үй мен ауладан, жолдан алыс жерде сақтауды ұсынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 60-тан астам дала өрті тіркелгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT