БҚО-да үш жылда 16 мекеме жекешелендірілмек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Республика бойынша жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысында мемлекеттің қатысуы бар 16 мекеме жекешелендірілмек.

БҚО қаржы басқармасының басшысы Айгүл Салахатдинованың айтуынша, Елбасының 2014 жылғы Жолдауына сәйкес Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, барлықкомпанияға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтаған болатын. Жекешелендіру кестесіне сәйкес өткен жылы өңірде үш ұйым, атап айтқанда, «Орал Жер» ЖШС, «Бірлік» мал зауыты» ЖШС, «№3 монша» ЖШС жекешелендіріліп, одан түскен 14,2 млн. теңге жергілікті бюджетке толықтай аударылды. Жекешелендіру үдерісінде кәсіпкерлердің қатысу шарттарының ашықтығы мен тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сату комиссиясының құрамына өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі енгізіліп, сату шаралары www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы электронды форматта жүзеге асырылды. Айта кетейік, Батыс Қазақстанда биыл жеті, алдағы жылы алты мекемені жекешелендіру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар