БҚО-да үш жасар қызға қол жұмсаған әйел тергеуге алынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО-да үш жасар қызға қол жұмсаған әйел тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 2016 жылғы қыз бала Қазталов ауданынан облыстық ауруханаға 14 қаңтар күні түскен.

«Қазір оның жағдайы ауыр, тұрақты. Нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда», - деді А.Сақпосынова.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

1985 жылғы әйел қыз балаға дене жарақаттарын салған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар