БҚО-да үш жасар баланы құтқарған оқушы медальмен марапатталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданы Ғ.Бегалиев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет  Айболатов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқарушы күніне орай Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен салтанатты шарада марапатты Нұрдәулетке БҚО ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев табыс етті.

Нұрдәулет Айболатов  ата-анасымен Қошанкөл ауылында тұрады. Үйдегі үш ұлдың кенжесі. Нұрдәулет биылғы 5 мамырда тоғанға батып бара жатқан үш жасар баланы құтқарып қалған еді.

«Нұрдәулет сабақты үздік оқиды, спортпен айналысады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Қай жағынан да, құрбы-құрдастарына үлгі болып келеді. Анасы Гүлжан Сисенова осы мектепте мұғалім. Әкесі Асқар Аткешев - үй шаруасында, жеке жүк көлігі бар. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым отбасы», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ғали Бегалиев атындағы орта мектептің директоры Ернар Ілиясов.

null 

Еске сала кетейік, БҚО-да оқушының үш жасар баланы құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар