БҚО-да үш автокөлік түйісіп, 5 адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында үш автокөлік түйісіп, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңмен сағат 09.00 шамасында Бәйтерек ауданы Трекин ауылы маңында орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, жол апаты салдарынан жарақат алған бес адамның екеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді.

«Үш адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Соның ішінде кішкентай бала ауруханаға жатқызылды. Қалған екі адамды дәрігерлер қарап жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Г.Әбдірахманова.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар