+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

БҚО-да түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам мен 39 жылқы жанып кетті

2021 жылғы 16 мамыр 14:05
Бөлісіңіз:
БҚО-да түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам мен 39 жылқы жанып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, екі адам, 39 жылқы, жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Екібастұзда жолаушылар автобусы 8 жасар баланы қағып кетті Атырауда бір күнде 30-ға жуық жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер бар «Екатеринбор-Алматы» тасжолындағы жол апаты:  2 адам мерт болып, 4-еуі зардап шекті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 мамыр күні сағат 23.56-да Самара-Шымкент жолының 464-шақырымында Қаратөбе ауданы аумағында болған.

Тіркемесіне 40 жылқы тиелген «КамАЗ» және бос келе жатқан Mersedes-Benz Actros (Түркия) жүк көліктері соқтығысып, түгелдей отқа оранды.

Соның салдарынан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесіндегі 39 бас жылқы жанып кеткен.

Автокөліктерден өртеніп кеткен екі адамның мәйіті алынды.

Бір адам түрлі жарақатпен Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың кім екені анықталып жатыр.

Бүгін сағат 04.47-де өрт толықтай ауыздықталды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде департамент басшыларының бәрі сол жерде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 3 жасар баланың септикке түсіп кеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT