БҚО-да «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы кезінде 16 қылмыс анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бес күнге созылған «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы кезінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында 16 қылмыс анықталды.

БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мүсілім Жәрдемовтің айтуынша, соның ішінде ҚР ҚК 108-бабы (қасақана жеңіл дене жарақатын салу) бойынша жеті, ҚР ҚК 109-бабына сәйкес (ұрып-соғу) бір, ҚР ҚК 140-бабы (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндетін орындамау) бойынша сегіз қылмыс тіркелді.

Шара кезінде 416 жалдамалы пәтер мен үй, 739 саяжай үйі мен қыстақ, есепте тұрған 5487 адам тексерілді. Бес күнде 134 адам анықталып, есепке қойылды.

Барлығы 68 құқықбұзушылық анықталса, соның 56-сы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 73-бабына жатады.

Соңғы жаңалықтар