+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

БҚО-да тұрғындардың 87,2 пайызы жалпыұлттық халық санағына қатысты

2021 жылғы 28 қазан 12:52
Бөлісіңіз:
БҚО-да тұрғындардың 87,2 пайызы жалпыұлттық халық санағына қатысты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың 87,2 пайызы немесе 579 224 батысқазақстандық жалпыұлттық халық санағына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 46,5 пайызы онлайн, 40,7 пайызы офлайн сипатта санақтан өтті.

Оның сөзіне қарағанда, онлайн сауалнаманы ұзарту туралы шешім қабылданған. Соған байланысты санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, e-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі 8 қарашаға дейін қолжетімді болады.

«Облыс бойынша 700 интервьюер тартылды. Санақтың бітуіне көп күн қалған жоқ. Алайда санақ қызметкерлері жұмыс барысында қиындыққа тап болуда. Кей тұрғындар тіпті есік ашпайды, онлайн санақтан өткендігі жөнінде хабар бермейді. Он жылда бір рет өтетін халық санағының маңыздылығын әрбір тұрғын түсінгені жөн. Бұл демографиялық және әлеуметтік-экономикалық бағытта кең ауқымды ақпарат алуға мүмкіндік береді», - деді Б.Нарымбетов.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы БҚО бойынша департаментінің басшысы Болтай Әлімбаеваның айтуынша, санақ өткізуде Тасқала ауданы көш бастады.

Мұнда санаққа қатысушылар саны 100,6 пайызды құрады. Қолда бар деректерге сәйкес Тасқала ауданында 16 629 адам болса, санаққа 16 727 адам қатысты.

«Халық санағын Жаңақала, Тасқала, Шыңғырлау аудандары мерзімінен бұрын аяқтады. Қаратөбе, Сырым аудандары мәреге жақын қалды. Қалған аудандарда халықтың 80-нен 97 пайызға дейіні қамтылды. Күн сайын тұрғындардың 3-4 пайызы санақтан өтеді деп есептесек, науқанды уақытында бітіруге мүмкіндік бар», - деді Б.Әлімбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT