+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

БҚО-да тұрғындарды 9,2 млн теңгеге отырғызып кеткен алаяқ сотталды

2019 жылғы 11 желтоқсан 21:49
Бөлісіңіз:
БҚО-да тұрғындарды 9,2 млн теңгеге отырғызып кеткен алаяқ сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 11 адамды 9,2 млн теңгеге отырғызып кеткен алаяқ сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ұры көліктің терезесін сындырып, 1,2 млн теңгенің заттарын алып кеткен Алматыда есірткі саудалаушы ұсталды Ақмолада бюджет қаражатын жымқырған аудандық мәдениет үйінің директоры сотталды

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, С. есімді алаяқ 2017 жылдың мамыры мен биылғы жылдың маусымы аралығында қылмыстық іс-әрекетін жүзеге асырған.

Ол сыйақыға Ақсай қаласындағы шетелдік компанияларға жалақысы жоғары жұмысқа орналастыра алатынын айтып, азаматтарды алдаған. Мысалы, алаяқ баласын «КПО б.в.» компаниясының көлік бөліміне қызметке орналастырамын деп, М. есімді азаматшаның 1,4 млн теңгесін жымқырып кеткен.

Кейбір азаматтар оған ақша беру үшін банктен несие алған.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен С. ҚР ҚК 190-бабына (алаяқтық) сәйкес айыпты деп танылып, оған пробациялық бақылау белгіленумен бірге 2 жылға бас бостандығы шектеліп, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Жаза тағайындалған кезде оның шын өкінуі, залалды ішінара өтеуі және бұрын сотталмағандығыы ескерілді.

Жәбірленушілердің талап-арыздары толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT