Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.91 EUR 428.81
RUB 5.79 CNY 54.79
Jańalyqtar

БҚО-да тұрғындар ауылда оқ атқан

2019 жылғы 15 тамыз 09:47 343
Бөлісіңіз:
БҚО-да тұрғындар ауылда оқ атқан

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғындар ауылда оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 тамыз күні Бәйтерек ауданы Белес ауылында орын алды.

Мән-жайды тексеру барысында анықталғанындай, Орал қаласының төрт тұрғыны табиғатқа демалуға шығып, соның біреуі тіркелген аңшы мылтығын өзімен бірге ала жүрген.

Олар Орал қаласы мен Белес ауылы аралығында аялдап, екеуі арақ ішіп, қалбырды көздеп, оқ атқан. Содан кейін екеуі Белес ауылына арақ алуға барған. Дүкеннен шыққаннан кейін Белес ауылының екі тұрғынымен сөзге келген. Сол кезде «қонақтардың» біреуі автокөлігінен мылтығын алып, бір жаққа жүгірген. Көп ұзамай адамдар атылған мылтықтың дауысын естіген. Сосын Белес тұрғыны «қонақтың» артынан жүгіріп, мылтығын тартып алған.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек бойынша «Сайга-20» мылтығы, оқ-дәрілер тәркіленді.

Қарудың иесі мен оның танысына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 436-бабы 1-бөлігі (елді мекендерде қару қолданып, оқ ату) және 440-бабына (алкоголды ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде бару) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оған қоса қару иесі аталған кодекстің 484-бабы 1-бөлігіне (қару иемдену, есепке алу, сақтау және тасымалдау ережесін бұзу) сәйкес әкімшілік сотта жауап беретін болады.

Тексеріс барысында адамдарға оқ атылғаны жөніндегі дерек расталмады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT