+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

БҚО-да тұрғындар 24 рет той өтіп жатқаны жөнінде хабарлаған

2020 жылғы 21 қазан 00:11
Бөлісіңіз:
БҚО-да тұрғындар 24 рет той өтіп жатқаны жөнінде хабарлаған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында заңсыз отбасылық іс-шара туралы хабарлаған адамға 20 мың теңге көлемінде сыйақы беру қолға алынған. Тұрғындардан осы бойынша 24 хабарлама түсіп, оның сегізі расталған. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штабтың онлайн жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да той-тоймалақ өткізген тұрғындарға айыппұл салынды Қостанай облысында карантинге қарамастан той өткізетіндер азаймай тұр Шымкентте құдайы тамақ ұйымдастырғандар айыппұл төлейді

Батыс Қазақстан облысында той, садақа өткізушілер тыйылмай отыр. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, карантин тәртібін бұзып, көпшілік шара өткізушілер өзіне де, өзгелерге де қауіп төндіреді.

Мониторинг топтарының тексеруі нәтижесінде тек Бөрлі ауданында айыппұл көлемі 2 млн теңгеге жуықтады. Айыппұлдар негізінен көп адам жиналған мейрамхана иелеріне салынып жатыр. Сондай-ақ қоғамдық көлікте санитарлық талаптар сақталмайды. Автобустар толы, жолаушылардың көбінде маска жоқ. Қала көшелерінде де маскасыз жүргендерді көруге болады.

Осыған орай өңір басшысы карантин тәртібін бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Әкімнің сөзіне қарағанда, заңсыз отбасылық іс-шара туралы хабарлаған адамға 20 мың теңге көлемінде сыйақы беру қолға алынған болатын. Індетпен күресте осы ынталандыруды жалғастыру керек. Облыстық полиция департаментінің деректері бойынша тұрғындардан осындай 24 хабарлама түсіп, оның сегізі расталған. Салынған жалпы айыппұл көлемі 361 мың теңгені құрады.

Облыста індет жұқтырғандар негізінен Орал қаласында өсіп отыр. Әсіресе, зейнет жасындағы адамдар мен медицина қызметкерлеріне қауіп көбірек төнуде.

Тұрғындарды коронавирустан қорғау үшін облыс басшысы шекарадағы бекеттерде бақылауды күшейту қажеттігін атап көрсетті. Қазіргі таңда Ресеймен шекарада орналасқан 4 автоөткелден күніне 2 мыңдай адам өтеді. Қолында анықтамасы жоқ қазақстандық азаматтар екі тәулікке карантин стационарына жатқызылып, COVID-19-ге сынама алынады. Ал шетелдіктер кері қайтарылады.

«Коронавирус індетінің әлемде кеңінен таралып бара жатқанын ескере отырып, карантин тәртібін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын алу керек», - деді Ғ.Есқалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның медицина қызметкерлеріне 2,8 млрд-тан астам теңге төленгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT