БҚО-да тұрғын үйдегі өрттен ер адам көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 қазанға қараған түнгі сағат 02.00 шамасында Ақжайық ауданы Ақсуат ауылында қос пәтерлік үй өртенген.

Аудандық ТЖ бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, Октябрь көшесі бойындағы №1 тұрғын үйдің үш бөлмелі бір пәтері түгел жанып кеткен.

Оқиға орнынан сол пәтерде жалғыз тұрған 1972 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Екінші пәтердің шатыры да жанған. №24 өртпен күрес бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына сағат 03.30-да жетіп, «тілсіз жау» 07.00-де ауыздықталған.

Айта кетейік, биылғы тоғыз айда өңірде өрттен 5 адам қаза тапты, бұл өткен жылғыдан 50 пайызға аз. Сондай-ақ 23 адам жарақат алды, бұл 2017 жылғыдан (13) 43,5 пайызға көп.

Өрт сөндіру кезінде 50 адам құтқарылып, 685 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Орал қаласында 15 қыркүйек - 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіліп, ТЖ қызметкерлері тұрғын үйлерге барып, алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар