БҚО-да тұрғын үйде газ жарылып, бір адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңмен сағат 07.00-де Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында Колхозная көшесі 6-үйде орын алды.

Жарылыстан жеке тұрғын үй қирап, жанбаған. Әйтсе де денесін күйік шалған 1965 жылғы ер адам Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Оның басы мен құлағы, беті, қол-аяғы күйген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бозбаланың суға кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар