+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

БҚО-да тұрғын үй түгелдей өртеніп кетті

2018 жылғы 29 қараша 08:21
Бөлісіңіз:
БҚО-да тұрғын үй түгелдей өртеніп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Достық ауылдық округі Чувашка елді мекенінде тұрғын үй түгелдей өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Достық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Гүлнәр Мұқанғалиеваның айтуынша, өрт Кооперативный көшесі 4/2 мекенжайында болған.

Үй иесі, 1982 жылғы Николай Перевай сол күні ауылда болмаған. Оның азаматтық некедегі әйелі, 1986 жылғы Анастасия Баладурина кешкі сағат 18.30 шамасында өрт болған кезде үйден шығып үлгерген. Айқайлап көмек сұраған әйелге күреспен айналысатын, биыл «Қазақстан барысы» аудандық турнирінің жеңімпазы атанған Серікқали Шудабаев бірінші болып жетіп, шұғыл жәрдем көрсеткен. Басқа ауыл тұрғындары әйелдің ақша мен құжаттары салынған сөмкесін ғана алып шыққан.

Шамамен екі сағаттан кейін Орал қаласынан өрт сөндірушілер көліктерімен жетіп, «тілсіз жау» 22.30-да ауыздықталған. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құраған.

«Өрт газ пешінің ақауынан шыққан секілді. Алдын ала мәліметке қарағанда, аяқ-қолынан жарақат алған әйел Оралдағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Үй иесі қазіргі кезде ТЖ органдарына барып, қажетті құжаттарды жинастыру үстінде. «Қыстың көзі қырауда» далада қалған тұрғындарға барынша қолдау-көмек көрсетілетін болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Г.Мұқанғалиева.

С.Шудабаевпен тілдескен кезде ол да болған оқиғаны растады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT