БҚО-да тұрғын үй іргесінен адам сүйектері табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдің іргесінен адам сүйектері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 29 қазан күні Бөрлі ауданы Приуральный ауылында болған.

Су құбырын тарту үшін қазу жұмыстары кезінде үйдің іргесінен адамның басы мен сүйектері шыққан. Қазіргі таңда адам сүйектері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

БҚО тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сыдықовтың айтуынша, ол жерде қанша адамның жерленгені әзірге белгісіз. Бұлардың жерленгеніне 100, әрі кеткенде, 150 жыл болған. Нақты уақыты сараптама қорытындысынан кейін анықталады.  

Соңғы жаңалықтар