Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

БҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болады

2019 жылғы 11 қаңтар 17:12 715
Бөлісіңіз:
БҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болады

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында 12 қаңтар күні ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді Маңғыстауда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша кей жерлерде күн жауын-шашынды, бұрқасын болады. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оған қоса оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Орал қаласында да бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 17 метрге дейін жетеді.

Осыған орай БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға СМС-хабарламалар жіберуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде ауа райына байланысты барлық жолдардың жабылғанын, қар құрсауынан 80-ге жуық көліктің шығарылғанын жазған болатынбыз.

4-5 қаңтар күндері болған боран салдарынан жол аршу да қиынға түсіп, кейбір ауылдармен қарым-қатынас та үзіліп, кейін қалпына келген еді. Содан кейін өңірде аяз күшейіп тұр.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT