БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік жүргізуші қамауға алынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ақтөбе қаласының тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 476-бабы 6-тармағына сәйкес айыпты деп танылды.

Ақжайық аудандық №2 сотының қаулысымен аталған тұрғын 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сотта анықталғандай, ақтөбелік жүргізуші 31 наурыз күні сағат 16.30 шамасында «ВАЗ-21140» автокөлігімен Атырау облысы аумағынан келе жатып, Орал-Атырау жолының бойында орналасқан №6 тосқауыл бекетін дала жолымен айналып өткен. Содан кейін Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округіне қарасты Шабдаржап ауылына кірген.

Осы әрекетімен жүргізуші облыс аумағында коронавирустыңң таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігердің 30 наурыздағы қаулысының 1.1 және 1.3-тармақшаларын бұзған.

Сот отырысында айыпталушы Е. өз кінәсін мойындады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавируспен күрес шараларына 94 млн теңге бөлінгенін, БҚО-да мыңнан астам адам бақылауда екенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар