БҚО-да төбелесте ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында төбелесте ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында болды.

25 наурыз күні шамамен сағат 23.00-де 45 жастағы Н. мен 1992 жылғы М-ның арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

26 наурыз күні сағат 08.30 шамасында Н. ағасының тұрғын үйінің жазғы сарайының ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табылып, жедел жәрдеммен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. 27 наурыз күні сағат 05.46-да ер адамның алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болғаны жөнінде хабар түсті.

«Аталған дерек бойынша М-ға қатысты ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазіргі уақытта жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты іс ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес қайта дәрежеленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның бесінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар