БҚО-да тәртіп бұзған шетелдіктер млн теңге айыппұл төледі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін өңірге келген 123 шетелдік азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заң бұзушылардың көпшілігі ішкі істер органдарында тіркелмеген немесе көші-қон картасында көрсетілген мекенжайда тұрмаған.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 517-бабын бұзғаны үшін 3 азамат қамау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылса, 76-сы елден шығарылды. 44 адамға 1 487,065 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның 1 146,728 мың теңгесі ерікті түрде төленді.

Соңғы жаңалықтар