БҚО-да тапсырылған қару-жарақ үшін 3,1 млн. астам теңге төленді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 15 сәуірден бері тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу шарасы жүргізілуде.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде азаматтардан 167 өтініш түсіп, 183 атыс қаруы мен 247 дана оқ-дәрі ерікті түрде тапсырылды. Сол үшін оларға 3 млн. 125,748 мың теңге төленді.

Аталмыш шара одан әрі жалғасуда.

Айта кетейік, шараны өткізу үшін республикалық бюджеттен 10 млн. 047 мың теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар