БҚО-да тағы екі адам суға кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиғаның біреуі Қаратөбе ауданында 17 мамыр күні орын алды.

Қаратөбе ауылдық округінде 2007 жылғы бала (6-сынып оқушысы) сағат 21.30-да Қалдығайты өзеніне батып кеткен. Ол шомылуға жабдықталмаған жерден суға түскен әрі жеке құтқару құралы болмаған. Марқұмның денесі ТЖ қызметкерлерінің күшімен 22.35-те шығарылды.

Екінші оқиға 15 мамыр күні Бәйтерек ауданы Макаров ауылында болды. 1995 жылғы өзбекстандық азамат сағат 20.20-да Шаған өзенінен шықпай қалған. Жеке құтқару құралы болмаған ол да шомылуға жабдықталмаған жерден түскен. Құтқарушылар оның денесін 21.30-да алып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақжайық ауданында балық аулауға барған ер адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.

Жалпы, Ақжайық ауданында биыл төрт адам суға кетсе, соның біреуі - 2008 жылғы оқушы.

Соңғы жаңалықтар