БҚО-да тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, коронавирус Орал қаласындағы мектептердің бірінде кезекші топта білім алатын 2-сынып оқушысынан анықталды.

Эпидемиологиялық тексеру барысында оқушының індетті үйден, атасынан жұқтырғаны белгілі болды. Науқаста ауру еш симптомсыз өтуде.

Оқушының 14 сыныптасы мен екі мұғалімнен сынама алынды. Тест қорытындысы олардың бәрінде де коронавирустың жоқтығын көрсетті.

Мектепте дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, кезекші сынып карантинге жабылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 4 оқушының коронавирус жұқтырғанын, кейін олардың жазылып шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар