БҚО-да суға кеткен балықшының туыстары дайверлерден көмек сұрауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суға кеткен ер адамның туыстары мүрдені табуға даейверлердің көмектесуін өтінді, деп хабарлады «Мой город».

Қайғылы жағдай 16 қазанда Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы Солянка өзенінде орын алды.

Қаза тапқан ер адамның ағасының айтуынша, құтқарушылар оны бір аптадан бері іздеп жатыр, еш нәтиже жоқ.

«16 қазанда ағам достарымен бірге балық аулауға кетті. Қатты желден толқын көтеріліп, резеңке қайық аударылып кетеді, олар суға бата бастайды. Жақын жерде тағы да балықшылар болған. Олар досын құтқарып үлгерген. Ағама жетуге бір метр қалғанда, ол батып кеткен. Қазір дайвингистер мен жерді толықтай сырттан бақылайтын аппараты бар адамдар іздеп жатырмыз. Дене жағаға шығып қалған болуы да мүмкін. Өзен жағалауында тығыз қамыс өсіп тұр. Құтқарушыларға іздеу қиынға соғуда. Бүгін іздеуге екі құтқарушылар тобы келуі тиіс», - деді балықшының бауыры Ерлан Асанов.

Соңғы жаңалықтар