БҚО-да спорттық өрмелеуден жарыс мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен спорттық өрмелеуден жарыс мәреге жетті.

Жарыс қорытындысында ерлер мен әйелдер арасында осы орталық қызметкерлері Данияр Исполов пен Кәмшат Нетәлиева жеңімпаз атанды. «Байланыс» қашықтығында шыңғырлаулықтар Мұрат Базарғалиев пен Қолғанат Шопенов, аралас қашықтықта облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан Райлан Нұрманов пен Кәмшат Нетәлиева озды. Жалпыкомандалық есепте аталмыш орталық - бірінші, тасқалалықтар - екінші, шыңғырлаулықтар үшінші орынды иеленді.

Жастар арасында Ақжайық ауданының намысын қорғаған Аманер Темірбаев, Асхат Мұрат, Әбдіслан Төлеуғалиев, Замир Нұрсайынов, Ботакөз Тәржімановтар үздік атанды. Командалық есепте де ақжайықтықтар алдына жан салмады.

Соңғы жаңалықтар