БҚО-да созылмалы сырқаты барлар вакцинацияға жиі келе бастады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте созылмалы сырқаты бар 70 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, бір күнде барлығы 695 адам вакцина қабылдады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, соңғы кезде созылмалы ауруы бар адамдар да көбірек егілуде. Бұл – олардың өздері үшін маңызды.

Вакцинация науқаны басталғаннан бері облыста 227 505 адам бірінші компонентпен егілді. Бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 63,2 пайызы.

Соның ішінде 205 489-ы (57 пайызы) екінші компонентін алып үлгерді.

«Қазіргі таңда өңірде 47 егу кабинеті жұмыс істейді. Емханаларда «Спутник V», «Vero Cell», «QazVac» вакциналарының қоры жеткілікті», - деп хабарлады ведомстводан.

Басқарма мәліметіне қарағанда, күні бүгін коронавирус жұқтырған 821 адам амбулаторлық ем қабылдауда.

Облыс стационарларында 277 пациент болса, соның 26-сының жағдайы ауыр. Оның біреуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте індеттің жаңадан 49 жағдайы анықталды, 14 науқас жазылып шықты.

Пандемия басталғаннан бері 38 107 адам коронавируспен тіркелді. Соның 28 886-сы биыл анықталды, бұлардың 19 980-інде ауру белгілері бар.

Жыл басынан бері ауырған 2726 баланың 2651-і жазылып шықты. 75-і емделу үстінде.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8,7 пайызға төмендеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 63 пайызы вакцина қабылдағанын, карантин талабын бұзғандарға 32,2 млн астам теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар