БҚО-да соңғы төрт тәулікте 310 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт тәулікте 310 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 194-інде ауру белгісі болса, 116-сы – симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 156-сы ЖРВИ белгілері бойынша қаралса, 84-і бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 68-і профилактикалық, екеуі эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілген.

Сырқаттанғандардың119-ы Орал қаласында, 39-ы Бәйтерек, 34-і Бөрлі ауданында анықталды.

Соңғы тәулікте 122 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болса, 134 науқас жазылып шықты.

Пандемия басталғаннан бері облыста 36 441 науқас тіркеліп, соның 28 632-сі жазылып шықты. 717 адам індеттен көз жұмды.

Департамент мәліметі бойынша барлық ауырғандардың 18 363-і Орал қаласы, 4 809-ы Бәйтерек, 4 447-сі Бөрлі, 1 661-і Теректі, 1 319-ы Ақжайық, 1 067-сі Казталов, 1 065-і Шыңғырлау ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирустан 18 адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҚО-да тұмауға қарсы 68 мың доза вакцина сатып алынды.





Соңғы жаңалықтар