БҚО-да соңғы төрт тәулікте 260 адам коронавирус жұқтырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт тәулікте 260 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 19 қыркүйекте 67, 20-сында 39, 21-інде 55, 22-сінде 99 науқас анықталды.

Соның 173-інде ауру белгілері болса, 87-сі - симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 147'-сі ЖРВИ белгілері бойынша, 73-і профилактикалық мақсатта тексерілген. 40-ы бұрын сырқаттанғандармен қарым-қатынаста болған.

Коронавирус жұқтырғандардың 121-і Орал қаласы, 38-і Бәйтерек, 30-ы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Оның алдындағы төрт күнде өңірде 352 адамнан індет табылған болатын.

Департамент мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері 36 986 науқастың 29 232-сі жазылып шықты. 745 адам індеттен қайтыс болды.

Барлық науқастардың 18 600-і Оралда, 4877-сі Бәйтерек, 4510-ы Бөрлі, 1684-і Теректі ауданында тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайыздан астамы вакцина алғанын, соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7,3 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар