БҚО-да соңғы төрт күнде 230 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 230 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 164-інде ауру белгілері болса, 66-сы – симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 141-і ЖРВИ белгілерімен қаралса, 52-сі бұрын індет жұқтырған отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста болған. 35-і профилактикалық мақсатта, екеуі стационарға жатқызар алдында тексерілген.

Науқастардың 92-сі Орал қаласында, 49-ы Бәйтерек, 28-і Бөрлі, 21-і Шыңғырлау ауданында тіркелген. Керісінше соңғы төрт тәулікте Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарында бір ғана науқастан ковид табылған.

Департамент мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері 38 040 адамның 30 482-сі жазылып шықты. 785-і өмірден озды.

Соның 19 055-і Орал қаласы, 5092-сі Бәйтерек, 4627-сі Бөрлі, 1733-і Теректі, 1391-і Ақжайық, 1163-і Шыңғырлау, 1099-ы Казталов, 1055-і Тасқала ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус 41-60 жас аралығындағы азаматтарда көбірек тіркеліп отырғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар