БҚО-да соңғы аптада 45 адам коронавирустан көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада 45 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, өңірде індет басталғаннан бері барлығы 596 науқас коронавирустан қайтыс болды.

Облыста осы кезге дейін 32514 адам коронавирус жұқтырса, соның 24814-і жазылып шықты.

Соңғы тәулікте 156 науқас тіркелді.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда, ауырғандар саны 10,7 пайызға (118-ге) азайды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 23293 адам сырқаттанса, соның 1892-сі – балалар. Соның ішінде 1801-і жазылса, 91 бала әлі ауырып жатыр.

Қазіргі таңда облыста 1459 төсектік 20 инфекциялық стационарда 640 науқас емделуде. Ауруханалар 43,9 пайызға толған. Соның ішінде Оралда 911 төсектік 7 стационарда 515 адам ем қабылдауда (56,3 пайыз). Жансақтау бөлімшелерінде 109 төсек-орын болса, соның 51-інде науқастар (46,8 пайыз) жатыр.

Өңірде тұрғындарды егу жұмыстары жалғасуда. Осы кезге дейін 9336 медицина қызметкері, 15428 педагог (97,13 пайыз), құқық қорғау органдарының 4369 қызметкері (88,4 пайыз), өнеркәсіп кәсіпорындарының 2747 жұмысшысы (93,9 пайыз), сондай-ақ медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің 1274 қызметкері (92,8 пайыз) вакцина қабылдады.


Соңғы жаңалықтар