Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.09 EUR 426.71
RUB 5.72 CNY 55.99
Jańalyqtar

БҚО-да шетелде тіркелген 72 көлік иесі айыппұлдан жалтарған

2018 жылғы 30 қазан 20:51 361
Бөлісіңіз:
БҚО-да шетелде тіркелген 72 көлік иесі айыппұлдан жалтарған

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында төленбеген айыппұлдары бар шетелде тіркелген 72 көлік ұсталды. Автомашиналар «Автоураган» кешенінің көмегімен анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, анықталған  көліктер жүргізушілерінің мойнында 651,801 мың теңге айыппұл бар болып шықты. Бүгінде олар толық көлемде өндірілді.
БҚО-да шетелде тіркелген 72 көлік иесі айыппұлдан жалтарған 

«Полиция департаменті 26 қазан күні «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешенін жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бұл иелері жол-көлік ережесін бұзған немесе әкімшілік айыппұлды төлемей жүрген,  Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шет мемлекеттерде тіркелген автокөліктерді де анықтауға мүмкіндік береді. Аз уақыттың ішінде шетелде тіркелген осыншама көлік ұсталып, айыппұлдар өндірілді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне БҚО Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Олжас Ибрайымов.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Автоураганның» көмегімен иелері 32 млн 411, 950 мың теңге қарыз болған 615 көлік анықталды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT