+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

БҚО-да шекарадан медициналық құрал-жабдықтарды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды

2020 жылғы 3 желтоқсан 23:52
Бөлісіңіз:
БҚО-да шекарадан медициналық құрал-жабдықтарды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шекарадан медициналық құрал-жабдықтарды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды сақ болуға шақырды Елордада COVID-19 індетінің өсуі байқалады Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «Сырым» автокөлік өткізу бекетінде жалпы құны 1 млн 550 мың теңге тұратын 3100 дана медициналық қорғаныс костюмін алып кетудің жолы кесілді.

Бұдан басқа 12 млн теңге тұратын 800 дана пульсті оксиметрді қазақстандық азаматтың елден алып кетпек болғаны әшкереленді.

Шекарашылар сондай-ақ «Сырым» бекетінде 1 мың ПЦР-тестінің шет ел асып кетуіне тосқауыл қойды. Алдын ала есеп бойынша мұның құны 5 млн 74,480 мың теңгені құрайды.

Ұсталған жүк пен көлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қараша айында 355 адамның коронавирустан жазылып шыққанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT