БҚО-да «Шаран» автокөлігі өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «Шаран» автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 14 наурыз күні Теректі ауданы Долинный ауылы тұсында орын алды.

Сағат 08.20-да Подстепный-Елек жолы бойында газбен жабдықталған «Volkswagen Sharan» автокөлігі отқа оранды.

Өрт сөндірушілер (5 адам, 1 техника) уақтылы барып, «тілсіз жау» 08.50-де ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

«Автокөліктің газды отынмен жұмысқа жаппай көшірілуіне, сонымен қатар азаматтардан арыз-шағымның көбеюіне байланысты өткен жылдың желтоқсанында өрт қауіпсіздігі ережесіне өзгеріс енгізілді. Былайша айтқанда, газ баллонымен жабдықталған автокөліктерге тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға таяу орын тепкен жабық тұрақтарға кіруге тыйым салынды. Өкінішке қарай, автокөліктерді газбен жабдықтаған кезде қауіпсіздік талаптары сақтала бермейді (автокөлік иелерінің өтінішіне сәйкес артық қысымды реттейтін тетіктер орнатылмайды). Бұл газ баллонының жарылуына әкеледі», деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Төрегелдиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік мотоциклмен соқтығысып, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.



Фото: mgorod.kz

Соңғы жаңалықтар