БҚО-да санитарлық тазалық айлығы жарияланды

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 15 сәуір және 15 мамыр аралығында елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша облыстық санитарлық-экологиялық айлық өтеді.

Қазіргі таңда санитарлық-экологиялық айлықты ұйымдастыру және өткізу жөнінде жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына облыс пен қала әкімінің орынбасарлары, басқармалар басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры енді.

Санитарлық-экологиялық айлықты өткізу кезеңінде қалалар мен басқа да елді мекендерде жасыл желектер отырғызу бойынша «Жасыл жапырақ - Зеленый лист» табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар