БҚО-да сабақ кезінде оқушы көзінен жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында сабақ кезінде оқушы көзінен жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 6 мамыр күні Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылындағы №3 орта мектепте болған.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Елжас Қадыровтың айтуынша, сағат 8.40-тар шамасында 5-сынып оқушысы қаламын абайламай партаға лақтырған кезде ол кері ұшып барып сыныптасының көзіне тиген (бұлардың екеуі де - ұл). Сол шамада мектеп директоры шақыртқан мұғалім сабақта болмай қалған.

Сол бойда жарақат алған оқушыға мектеп медбикесі алғашқы жәрдем көрсетіп, одан аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі кезде көзінен жарақат алған оқушы облыстық ауруханада емделіп жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Қадыров.

Оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жаңақала ауылында мектеп оқушысы автокөлік айдап кетіп, жолда аударылып қалды. Көлікте болған 17 жасар қыз кейін ауруханада көз жұмды. Осы оқиға байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Соңғы жаңалықтар