БҚО-да республикалық жолдарда жөндеу жұмыстарына байланысты айналма жолдар ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда жөндеу жұмыстарына байланысты айналма жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы А-31 «Чапаево-Жалпақтал-Қазталов-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 157-192 км учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша айналма жолдар ашылды. Уақытша қозғалыс негізгі жолдың оң жағынан 163-170,2 шақырым аралығында ұзындығы 7,2 шақырым айналма жол арқылы жүзеге асуда. Биыл айналма жолды 163 шақырымнан бастап 178,5 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Р-44 «Қазталов-Жәнібек-Ресей Федерациясының шекарасы» күре жолының бойында 4,8-8,4 шақырым аралығында, жалпы ұзындығы 3,6 шақырым уақытша айналма жол ашылды. Айналма жол негізгі жолдың оң жағында орналасқан. Биыл айналма жолдың ұзындығын 9 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.

Барлық айналма жолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабық жол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған.

Соңғы жаңалықтар